18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №90

279 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін
2015 жылғы 13 ақпан, Астана қаласы Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 33) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В. ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы №90 бұйрығымен бекітілді Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес пайдалануға қабылданған энергия объектілеріне қолданылмайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) жасырын жұмыстарды куәландыру актісі – техникалық жарақтандыру жөніндегі барлық жұмыстар кешені аяқталғаннан кейін орындалғанын нақтылы тексеруге болмайтын жұмыстардың куәландырылғанын растайтын құжат; 2) жобалаушы – техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жобаны әзірлеген тұлға; 3) қабылдау комиссиясы – энергия объектісінің әзірлігін белгілейтін және құжаттамалық растайтын және энергия объектісін пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган; 4) мердігер – тапсырыс берушімен жасалған шарттық қатынастар негізінде техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын тұлға; 5) тапсырыс беруші – электр станцияларын, электр және жылу желелерін пайдаланатын тұлға; 6) техникалық жарақтандыру (қайта жарақтандыру) – жаңғырту және физикалық жағынан тозған жабдықты өндірімділігі жаңамен ауыстыру, қолданыстағы электр станцияларды, электр немесе жылу желілерін жаңа қондырғымен жабдықтау, қолданыстағы өндірістік алаңдарда қосымша құралдар мен машиналарды орнату, қолданыстағы ғимараттар мен электр станцияларының, электр және жылу желілерінің құрылыстарын ішінара қайта салу және кеңейту, сондай-ақ басқарудың, қорғаудың және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін ендіру; 7) энергетикалық объекті (энергия объектісі) – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың энергетикалық жабдығы, ғимараты, құрылысы, сондай-ақ басқару, қорғау және бақылау жүйелері; 8) энергетикалық жабдық – электр және жылу энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге және таратуға арналған машиналардың, қондырғылардың, аппараттардың, электр беру желілерінің, құбырлардың және қосымша жабдықтардың кешені. 4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады. 2. Техникалық қайта жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібі 5. Техникалық қайта жарақтандырудан кейін энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. 6. Бір қабылдау комиссиясына өзара техникалық байланысты және бір облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада орналасқан бірнеше энергия объектілерін қабылдауға жол беріледі. 7. Қабылдау комиссиясына мердігердің және тапсырыс берушінің техникалық қайта қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның (болған кезде), жобалаушының өкілдері кіреді. Әр өкіл комиссия жұмысына мамандарды тартуда. 8. Қабылдау комиссиясы жұмысының басталу күнін Мердігер техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды аяқтауға қажетті уақытты және қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің энергия объектісін пайдалануға қабылдау орнына дейінгі жол жүруге қажетті уақытты ескере отырып айқындайды. 9. Қабылдау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты оның Төрағасы жүзеге асырады. Қабылдау комиссиясының төрағасы мен қабылдау комиссиясы Тапсырыс берушінің өкілдері болып табылады. 10. Қабылдау комиссиясының хатшысы дауыс беруге қатыспайды. 11. Қабылдау комиссиясының құрамы қабылдау комиссиясын құрған Тапсырыс берушінің шешімі негізінде қажеттілігіне қарай өзгеруі мүмкін. 12. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кіреді: 1) энергия объектісін ол толық әзір болғанда пайдалануға қабылдап алу және энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы актіні осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдеу; 2) тапсырыс берушіге жойылуы тиіс себептерін көрсете отырып, энергия объектілерінің жарамсыздығы туралы қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну. 13. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері комиссия тағайындалған энергия объектілеріне қолданылады. 14. Нақты энергия объектісі бойынша қабылдау комиссиясының өкілеттігі оны Тапсырыс беруші құрған күннен басталады және энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы актіге немесе энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы туралы қорытындыға қабылдау комиссиясы қол қойған күннен бастап тоқтатылады. 15. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің өкілеттігіне мыналар кіреді: 1) Мердігерлерден өз функцияларын атқару үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты алу; 2) энергия объектісін қабылдау сынақтарын өткізу кезінде қатысу; 3) энергия объектісін пайдалануға әзірлігін тексеру және бағалау тәртібі бойынша ұсыныстарды қабылдау комиссиясының қарауына шығару; 4) қабылдау комиссиясының төрағасына бас тартудың себептері көрсетілген айрықша пікірді ұсыну арқылы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алудан бас тарту туралы ұсыным енгізуге құқылы. 16. Қабылдау комиссиясының функцияларына мыналар кіреді: 1) энергия объектісінің пайдалануға әзірлігін тексеру және тексеру нәтижелерін құжаттамалық белгілеу; 2) энергия объектісінің нақты және жобалық сипаттамаларының сәйкестігін анықтау; 3) анықталған бұзушылықтар болған жағдайда оларды жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу. 17. Қабылдау комиссиясының жұмысы барысында Мердігер: 1) қабылдау комиссиясының энергия объектісін қарау және тексеру, сондай-ақ энергия объектісін сынақтан өткізуді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 2) сынақтың өткізілуін бақылайтын қабылдау комиссиясының мүшелерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді; 3) энергия объектісін сынақтан өткізуді ұйымдастырады. 18. Тапсырыс беруші, мердігер және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға (болған кезде) энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуға ұсынғанға дейін мыналарды: 1) энергия объектісінің жекелеген жүйелері мен тораптарын жеке және функционалды сынауды; 2) энергия объектісінің негізгі және қосалқы жабдықтарын байқау үшін іске қосуды жүргізеді, олар энергия объектісінің жекелеген жүйелері мен тораптарын жеке және функционалды сынауды аяқтау сатысы болып табылады. 19. Сынаққа қатысушылар энергия объектісінің жекелеген жүйелері мен тораптарына жүргізілген сынақтар нәтижелері бойынша 3-қосымшаға сәйкес сынақтың нәтижелері туралы актіні жасайды. 20. Мердігер техникалық жарақтандыру бойынша барлық жұмыстар аяқталып, сынақтар кезінде анықталған барлық ақаулар жойылғаннан кейін және жойылуы тиіс ақаулардың жоқ екені көрсетілген сынақтардың нәтижелері туралы акт болған кезде қабылдау комиссиясына энергия объектісін қабылдап алу үшін ұсынады. 21. Мердігер қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау комиссиясының төрағасына энергия объектісін еркін нысанда жүктеме арқылы жобалау ұйымдары мен техникалық қадағалау өкілдермен келісілген байқау бағдарламасын қарауға ұсынады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ұсынылған энергия объектісін жүктеме арқылы байқау бағдарламасын қарайды, қажет болғанда оған өзгерістер енгізеді және оны бес жұмыс күні ішінде бекітеді. Энергия объектісін жүктеме арқылы байқау бағдарламасы қажетті техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың тізбесі мен оларды өткізудің күнтізбелік кестесін қамтиды. 22. Мердігер қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау комиссиясының барлық мүшелеріне техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстар сипатына байланысты жасалуы талап етілмейтін құжаттарды қоспағанда, мына құжаттардың көшірмесін ұсынады: 1) техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстың жобасы; 2) техникалық жарақтандыру бойынша жұмысты жүзеге асырған мердігерлер лицензиялары; 3) техникалық регламенттерде қойылған талаптарға сәйкестігін растауға жататын энергия объектілеріне және (немесе) оның бөліктеріне сәйкестігін растау саласындағы құжаттар; 4) жұмыстарды өндіру және авторлық қадағалау журналдары; 5) жасырын жұмыстарды куәландыру актілері; 6) жауапты конструкцияларды аралық қабылдап алу актілері; 7) жобада көзделмеген қосымша жұмыстар тізбесі; 8) энергия объектісін сынаудың нәтижелері туралы актілер. 23. Энергия объектісін пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын энергия объектісінің күрделілігіне және функционалдық мақсатына, оның технологиялық және пайдалану сипаттамалары мен параметрлеріне қарай қабылдау комиссиясының төрағасы белгілейді. Осындай ұзақтық он жұмыс күнінен аспауы тиіс. 24. Қабылдау комиссиясы энергия объектісін жүктеме арқылы кешенді байқауды тапсырыс беруші әзірлеген және қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады. 25. Кешенді байқау кезінде негізгі агрегаттар мен олардың қосалқы жабдықтарының жүктемедегі бірлескен жұмысын тексеру және жабдықтар, құрылғылар мен құрылыстардың ықтимал ақауларын анықтау жүргізіледі. Кешенді байқаудың басталуы энергия объектісін жүктеме арқылы қосу сәті болып есептеледі. 26. Кешенді байқау кезінде жобада көзделген бақылау-өлшеу аспаптары, бұғаттау, дабыл жүйесі және қашық­тықтан басқару, қорғау, сондай-ақ режимдік баптауды талап етпейтін автоматты реттеу құрылғылары қосылады. 27. Кешенді байқаудың нәтижелері электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін сынау кезінде ақаулар табылмаса және энергия объектілері номиналды жүктемемен және жобалық параметрлермен жетпіс екі сағат ішінде үзіліссіз жұмыс істесе, қанағаттанарлық деп танылады. Газтурбиналық қондырғылар үшін осыған қосымша 10 автоматты іске қосу жүргізіледі. 28. Қабылдау комиссиясы мына шарттардың барлығы орындалған кезде энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу туралы актіні ресімдейді және оған қол қояды: 1) энергия объектісі қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс жағдайын және объектінің ықпал ету аймағындағы экологиялық ахуалды нашарлатпайды; 2) техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестігін растауға жататын энергия объектілеріне және (немесе) олардың бөліктеріне сәйкестікті растайтын салада тиісті құжаттары бар; 3) энергия объектісін кешенді байқаудың нәтижелері қанағаттанарлық және энергия объектісі өзінің техникалық көрсеткіштері бойынша пайдалануға жарамды деп танылды; 4) техникалық қайта жарақтандыру бойынша барлық жұмыстар жобаға және оған жобалаушының келісімімен енгізілген өзгерістерге сәйкес орындалды; 29. Энергия объектісін кешенді байқау аяқталғаннан кейін қабылдау комиссиясының мүшесі бір жұмыс күні ішінде қабылдау комиссиясының төрағасына жазбаша түрде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу жөніндегі өз ұсынымын ұсынады. Комиссия өкілдерінің бірінің ұсыным енгізуі энергия объектісін пайдалануға қабылдау жөніндегі шешімді қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 30. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайда, энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөніндегі ұсыным әрбір энергия объектісі бойынша жеке жасалады. 31. Қабылдау комиссиясы мүшесінің немесе төрағасының энергия объектісін пайдалануға мүмкін емес деп тану туралы ұсынымы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуға кедергі болатын себептердің толық сипаттамасын, анықталған ақаулардың энергия объектілерін пайдалану қолжетімділігіне тигізер әсерін және оларды жою туралы ұсыныстарды қамтуы тиіс. 32. Қабылдау комиссиясының отырысында энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы мәселені қарау кезінде қабылдау комиссиясының төрағасы қатысып отырған қабылдау комиссиясы мүшелеріне бар ұсынымдардың барлығын назарына жеткізеді. 33. Қабылдау комиссиясының мүшелері барлық келіп түскен энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу немесе бас тарту туралы ұсынымдарды міндетті түрде талқылайды. 34. Қабылдау комиссиясы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу жөніндегі шешімді энергия объектісін кешенді байқау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды. 35. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайда, энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөніндегі шешім әрбір энергия объектісі бойынша жеке қабылданады. 36. Қабылдау комиссиясының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. 37. Энергия объектісін пайдалануға қабылдаудан бас тарту туралы шешім егер оған қабылдау комиссиясының бір немесе одан көп мүшелері немесе қабылдау комиссиясының төрағасы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. 38. Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу жөніндегі актінің шешімі егер қабылданған шешімге зор жауапкершілік арқалайтын қабылдау комиссиясының өкілдері (төраға және мүшелері) бәрі түгелдей дауыс берсе, қабылданған деп есептеледі. 39. Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы актіге қабылдау комиссиясының төрағасы және хатшысы тиісті шешім қабылданған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде әрбір жеке энергия объектісі бойынша қол қояды. 40. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясы мүшелерінің энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу мәселесі жөніндегі ұсынымдарын және қабылдау комиссиясы отырыстарының хаттамаларын қоса алғанда, қабылдау комиссиясының барлық жұмыс материалдарын жергілікті атқарушы органға, мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау органға береді. 41. Энергия объектісін пайдалануға қабылдаудан, энергия объектісін пайдаланудың мүмкін еместігі жөніндегі акті энергия объектісін пайдалануға қабылдауға кедергі болатын және жоюға жататын себептерді көрсете отырып, аталған актіге ұсынылған негіздемесін қамтиды. 42. Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы акт энергия объектісін пайдалануға рұқсат беретін бастапқы айрықша құжат болып табылады. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларына 1-қосымша нысан Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы акт ______________ 20__ ж. «___» __________ (елді мекен) Осы акт арқылы мынадай энергия объектісі пайдалануға қабылданады: ________________________________________________________________________________________ (энергия объектісінің атауын, оның орналасқан жерін, сәйкестендіру _________________________________________________________________________________________ сипаттамаларын (сериялық нөмірі, артикул және т.б.) және энергия _________________________________________________________________________________объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі техникалық __________________________________________________________________________________________ сипаттамаларын көрсету) Мына құрамдағы қабылдау комиссиясы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алды: 1) Төраға – ________________________________________________________________________________ (қабылдау комиссиясы төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), __________________________________________________________________________________________; жұмыс орнын және лауазымын көрсету) 2) Хатшы – _________________________________________________________________________________ (қабылдау комиссиясы хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жұмыс ___________________________________________________________________________________________; орнын және лауазымын көрсету) 3) _________________________________________________________________________________________ (қабылдау комиссиясының мүшелері, қабылдау комиссиясының ___________________________________________________________________________________________. тиісті мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жұмыс орны және лауазымы) Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларына 2-қосымша нысан Энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы туралы қорытынды ______________ 20__ ж. «___» _____________ (елді мекен) Осы қорытынды арқылы мынадай энергия объектісінің пайдалануға жарамсыздығы белгіленеді: __________________________________________________________________________________ (энергия объектісінің атауын, оның орналасқан ______________________________________________________________________________жерін, сәйкестендіру сипаттамаларын (сериялық нөмірі, артикул және т.б.) _______________________________________________________________________ және энергия объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі ___________________________________________________________________________________. техникалық сипаттамаларын көрсету) Қабылдау комиссиясы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу барысында энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуға кедергі болатын және жоюға жататын мынадай себептер анықталды: ____________________________________________________________________ (энергия объектісін пайдалануға қабылдауға кедергі болатын себептердің ____________________________________________________________________ толық тізбесін көрсету; әрбір себептер бойынша оларды жою жөніндегі ____________________________________________________________________. ұсынымдарды көрсету) Мына құрамдағы қабылдау комиссиясы энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп таныды: 1) Төраға – _________________________________________________________________________ (қабылдау комиссиясы төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ___________________________________________________________________________________; жұмыс орнын және лауазымын көрсету) 2) Хатшы – _________________________________________________________________________ (қабылдау комиссиясы хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ___________________________________________________________________________________; жұмыс орнын және лауазымын көрсету) 3) _________________________________________________________________________________ (қабылдау комиссиясының мүшелері, қабылдау комиссиясының ____________________________________________________________________________________. тиісті мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жұмыс орны және лауазымы) Қабылдау комиссиясы _________________________________________________ (қабылдау комиссиясын құру туралы бұйрықты ____________________________________________________________________ шығарған органды, бұйрықтың күнін және нөмірін көрсету, қажет болғанда ____________________________________________________________________ қабылдау комиссиясының құрамын өзгерту жөніндегі бұйрықтар туралы __________________________________________ бұйрығы негізінде құрылды. мәліметтермен толықтыру) Қабылдау комиссиясының энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану туралы шешімі _______________________________________________________________________________ (отырыс өткізілетін орынды көрсету) 20__ жылғы «___» __________________ өткізілген қабылдау комиссиясының отырысында қабылданды. Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы мәселені қарау кезінде энергия объектісін қабылдап алу туралы _____________________ жазбаша ұсынымдар және энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп (санын көрсету) тану туралы __________________________ жазбаша ұсынымдар келіп түсті. (санын көрсету) Қабылдау комиссиясының энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану туралы шешімі мынадай дауыс беру қорытындысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданды: «энергия объектісін пайдалануға қабылдау» - дауыстар __________________, «энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану» - дауыстар (санын көрсету) ________________. Энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданды. (санын көрсету) Төраға ________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Хатшы _________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Комиссия мүшелері ______________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларына 3-қосымша нысан Сынақтардың нәтижелері туралы Акт орындалған жері ________________________________________________________________ (энергия объектісінің атауы) ____________________________қаласы 20__ ж. «___» _____________ Комиссия өкілдерінің құрамы: Тапсырыс беруші ______________________________________________________________ (ұйымның атауы, _______________________________________________________________________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бас мердігер ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, ________________________________________________________________________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Монтаждаушы ұйым (Мердігер)_____________________________________________________ (ұйымның атауы, ________________________________________________________________________________ лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) төмендегілер туралы сы актіні жасады: 1. ______________________________________________________________________________ (энергия жабдықтары) ________________________________________________________________________________ (жабдықтардың нөмірлері көрсетіледі) ______________________________________________ ішінде жобаға, паспортқа сай сынақтан өткізілді. 2. Аталған энергия жабдығын сынау нәтижесінде, жасап шығарушы зауыттың құжаттамаларында келтірілген оны жинау және монтаждау талаптары сақталғандығы, және де оның жұмысында ақаулар табылғаны/табылмағаны айқындалды. Тапсырыс берушінің өкілі_________________________________________________________ (қолы) Бас мердігердің өкілі _____________________________________________________________ (қолы) Монтаждаушы ұйымның (Мердігер) өкілі ____________________________________________ (қолы) Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларына 4-қосымша нысан Энергия объектісін қабылдап алу мәселелері бойынша ұсынытар ______________ 20__ ж. «___» _____________ (елді мекен) Мен, ________________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жұмыс орнын және лауазымын көрсету) ______________________________________ бұйрықтың негізінде құрылған қабылдау комиссиясының мүшесі бола отырып, _______________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ (қабылдау комиссиясын құру туралы бұйрық шығарған органды, бұйрықтың күні мен нөмірін көрсету, ________________________________________________________________________________________ қажет болғанда қабылдау комиссиясының құрамын өзгерту жөніндегі бұрықтар туралы мәліметтермен толықтыру ________________________________, өзімнің кәсіби білімдерімді және лауазымдық міндеттерімді басшылыққа ала отырып, өз құзыретімнің шегінде мына объектіні ________________________________ ________________________________________________________________________________________ (энергия объектісінің атауын, оның орналасқан _______________________________________________________________________жерін, сәйкестендіру сипаттамаларын (сериялық нөмірі, артикул және т.б.) _____________________________________________________________________________ және энергия объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі _________________________________________________________________________________________ техникалық сипаттамаларын көрсету) _________________________________________________________________________________________ («пайдалануға қабылдауды» не болмаса «пайдалануға жарамсыз деп тануды» _____________ ұсынамын. Менің ұсынымым мынадай себептерге негізделді: ________________________________ (ұсынымның себептерін толығымен _______________________________________________________________________________ жазу керек; энергия объектісін қабылдауға кедергі болған әрбір себеп бойынша _________________________________________________________________________. оларды жою бойынша ұсынымдар жазу) _______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10453 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024